Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 10.09.2025
Q-Cafe желісі кеңеюде: Астанада тағы біреуі ашылды
Астанада Q-Cafe желісінің жаңа нүктесі ашылып, ол бірден қала тұрғындары мен қонақтарының
сүйікті орнына айналды. Ашылу салтанаты үлкен қызығушылық тудырды: шараға хош
иісті кофені бағалайтындар ғана емес, сонымен қатар «Астана» футбол
клубы жанкүйерлері де жиналды. Дәл осы жерде спортшылардың жанкүйерлерімен
кездесуі өтті.
Q-Cafe тарихы Qazaq Oil жанармай
құю бекеттеріндегі шағын кофе-корнерлерден басталған еді. Бүгінде бұл жайлы
атмосферасымен, заманауи дизайнымен және жоғары сапалы сусындары мен
тағамдарымен танымал дербес желі. Соңғы жылдары Q-Cafe қаланың гастрономиялық
мәдениетінің маңызды бөлігіне айналды.
Компания брендті тек жеке
кофеханалар арқылы ғана емес, франчайзинг бағытымен де дамытып келеді. Бүгінде
бұл – кәсіпкерлер үшін мықты бренд пен сенімді бизнес-модель қолдауымен өз ісін
бастауға нақты мүмкіндік. Айта кетейік, Qazaq Oil желісіндегі нүктелерде
қонақтар 4 миллионнан астам стақан кофе ішіп, шамамен 2 миллион хот-дог дәмін
татқан.
Астананың Орталық саябағындағы
жаңа кофехана ашылуы жарқын оқиғаға айналды, өйткені «Астана» футбол
клубы жанкүйерлерімен кездесті. Чемпионатта көш бастап келе жатқан ойыншылар
Q-Café-ге арнайы келіп, жанкүйерлерімен тілдесіп, естелік сыйлықтар, қолтаңбасы
бар футболкалар мен доптар табыстап, бірге суретке түсті.
Осылайша, жаңа кофехананың ашылуы
бірден бірнеше маңызды бағытты біріктірді: қалалық гастрономиялық мәдениетті
дамыту, франчайзинг арқылы кәсіпкерлікті қолдау және қарым-қатынас пен есте
қаларлық оқиғаларға арналған кеңістік құру.
Q-Cafe дәмді кофе ішетін орын
ғана емес, ерекше атмосфера, эмоция және жаңа таныстықтар сыйлайтын мекен
екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.