Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 15.11.2022
Қазақстанда Qazaq Oil брендінің франшизасына сұраныс артып келеді
Qazaq Oil компаниясы ел кәсіпкерлерімен ынтымақтастықты кеңейтуде. Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында серіктес желісінің кезекті жанармай құю станциясы ашылды. Франшизаның иесі жергілікті кәсіпкер Алмат Борантаев болды.
Борантаев өткен жылы Qazaq Oil франшизасы туралы білді. Ақтөбе — Орал тас жолының бойында жер учаскесі бар кәсіпкер компания басшылығына жүгінді. Жан-жақты қолдауға ие бола отырып, ол жанармай құю станцияcын салуға кірісті, коммуникациялар жүргізді, ғимарат тұрғызды, қажетті жабдықтар сатып алды. Бүгін Маржанбұлақ ауылында клиенттерге сапалы отын ғана емес, сонымен қатар мінсіз сервис ұсынуға дайынбыз.
«Qazaq Oil» серіктестерге тиімді шарттармен — «толық аяқталған» бизнесті ұсынады. Менен жер мен нысанның құрылысы талап етілді, ал компания өз атын береді, мұнай өнімдері мен халық тұтынатын тауарлармен толық қамтамасыз етеді, қызметкерлерді оқытуға дайын. Пайданың негізгі пайызы франшиза иесінде қалады», - дейді Алмат Борантаев.
Бұл танымал брендпен жұмыс істейтін мерейтойлық, оныншы ЖМҚС. ЖМҚС құны 300 млн теңгені құрады. Осы жылдың соңына дейін тағы бес серіктес жанармай құю станциясын ашу жоспарлануда. Желідегі тауарлардың 85%-ы отандық өндірушілерден.
«Мұнай ритейлінің франшизасы туралы айтатын болсақ, көптеген адамдар бұл күрделі, түсініксіз нәрсе деп ойлайды. Бірақ бізге өз жанармай құю бекеттері бар, жүйеде, көптеген клиенттері бар үлкен компаниямен, жақсы атаумен жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер келеді. Біз барлық нұсқаларды міндетті түрде қарастырамыз",-деп атап өтті Qazaq Oil PR-директоры Әсел Әлімханова.
Қазақстанда халықаралық стандарттар бойынша жаңартылған 220-дан астам Qazaq Oil нысаны жұмыс істейді. Сапалы отыннан басқа, компания клиенттерге ілеспе қызметтері бар жол бойындағы қызметті ұсынады.