Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 08.02.2022

2021 жылы 12 үздік станцияның рейтингін дайындады.

Достар, салалық журналдардың бірі Superstation.pro 2021 жылы 12 үздік станцияның рейтингін дайындады. Ол ЖМҚС дамыту трендтері мен идеялары бетінде ай сайынғы ашық дауыс беру негізінде жасалды.

Qazaq Oil – бұл тізімдегі еліміздегі жалғыз жанармай құю станциясы. Мақтаныш? Әрине! Сіздер мен Біз үшін. Өйткені, біз Сіздермен бірге, қымбатты достар, осындай нәтижелерге қол жеткіздік. Сіздердің тегтеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз, немқұрайды болмағаныңыз, махаббатыңыз, тілектеріңіз және тағы басқалар осындай нәтиже берді. Әрқайсысыңызға алғыс айтамыз, жақсы көреміз және бағалаймыз.

Qazaq Oil-ден басқа ең үздік ЖМҚС тізімінде SOCAR (Киев), OKKO (Одесса), TOSOIL (Әзірбайжан), Circle (Норвегия), Shell (Украина), MOL (Венгрия), Motor Fuel Group (Ұлыбритания), Shell (Норвегия) секілді компаниялар бар…

Бізге әлі де көп нәрсе істеу керек және біз оған дайынбыз. Ең бастысы, сіз бізді қолдауды жалғастыра берсеңіздер болады. Біз сіздер үшін, біздің сүйікті қонақтарымыз үшін тырысамыз және жұмыс істейміз.


поделиться