Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 11.08.2023

Shopper Trends 2023 семинары: Qazaq Oil компаниясының тәжірибесі

Бүгін Алматыда бөлшек саудадағы соңғы трендер, жарнаманы ілгерілету және баға саясатының тиімділігін талдау, сондай-ақ тарату арналарын дамыту мәселелері талқыланды. Shopper Trends 2023 семинарында сарапшылар мен қатысушылар өзекті шолумен бөлісті. 60-тан астам ірі компания қатысқан шарада Qazaq Oil да қалыс қалмады. Тақырыпты тілші тарқатады




Shopper Trends 2023 семинары сауда саласында жұмыс істейтіндер үшін таптырмайтын іс-шара. Семинарға ірі және әлемге аты танымал компаниялардың сарапшылары қатысады. Кейбіреуі сатудағы тәжірибесімен бөліссе, басқалары соңғы трендтер жайлы айтады. Биылғы конференцияда Қазақ ойл компаниясы жанармай құю бекеті бөлшек сауда саласындағы табысты тәжірибесімен бөлісті.


"Біз әдетте конференциялар кезінде жарты күн бойы нарықтағы сатып алушылар, онда не болып жатқаны туралы айтамыз. Әрі қарай, біз үшін әртүрлі компания өкілдерінің стратегиялары мен дамуы, қалай табысқа жеткенін білу қызықты. Ал бүгін сауда желілеріндегі спикерлеріміздің арасында Қазақ ойл компаниясының өкілі бар. Ол жанар-жағармай құю бекеттеріндегі супермаркеттер желісін дамыту жайлы айтып, өз тәжірибелерімен бөліседі".  -  Мәдина Сейсенғалиева - NielsenIQ Kazakhstan коммерциялық директоры                                                                                                                              

Айтпақшы, Қазақ ойл компаниясы жайлы көп нәрсе айтуға болады. Бүгінде олар қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне жетті. Жанармай құю кешенінен көлікке бензин құюдан бөлек, тұтынушы сапалы қызмет ала алады. Атап айтар болсақ, дәмді ас пен кофе ішуге тіпті электрокарды қуаттап алуға да мүмкіндік қарастырылған. Компания мұндай форматты 2019-шы жылы бастаған. Ол кезде көптеген жанармай құю бекеттерінде жөндеу жүргізілмей, сауда алаңдары болмаған кез еді. Соған қарамастан, компанияның қазіргі уақытта жеткен жетістігі көз қуантады.

 

"Ассортиментті, бөлшек сауда жабдықтарын және басқа да дүниелерді сәйкестендіре отырып, ребрендинг жасау деген тек сыртқы келбетін ғана өзгерту емес. Сонымен қатар, біздің қызметкерлер тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуі үшін бүкіл процессті, құрылымды түбегейлі өзгерттік"Иван Мельниченко - PETRO RETAIL Операциялық директоры 

 

Бүгінде  PETRO RETAIL компаниясының желісіне кіретін Қазақ ойл және Қазмұнайгаз дейтін екі бренд бар. Олардың құрамында еліміздің барлық өңіріндегі жол бойында тұрған 300-ден астам жанармай құятын кешен кіреді. Айта кетейік, Қазақ ойл кешендерінде фаст-фуд категориясы жататын тауарлар 105 пайызды, жалпы дүкендердегі өсім 56 пайызды құрады. Компанияның даму әлеуеті қарқынды. 





поделиться