Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 07.04.2024

Qazaq Oil ЖМҚС желісі қалыпты режимде жұмыс істейді

Qazaq Oil компаниясы Құлсары қаласындағы судың көтерілуіне байланысты істен шыққан екі ЖМҚС-ны  қоспағанда, желідегі барлық ЖМҚС-лар қалыпты режимде жұмыс істеп жатқандығын хабарлайды. Уақытша жабу туралы шешім еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі регламентіне сәйкес қабылданды.


Құлсары қаласындағы Е-308 ЖМҚС жоспарлы ашылуы бүгін, сағат 22:00-де. E-237 ЖМҚС қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін ашылады.


Бүкіл ел басына түскен  қиын сәтте біз қызметкерлеріміз қауіпсіздігі бен  ЖМҚС-ларды қорғап қалуға ғана тырыспай,  тұрғындарға үйлерін қалпына келтіруге көмектесіп жатырмыз – Qazaq Oil су тасқынынан зардап шеккендерге 150 миллион теңге аударды. 


Сондай-ақ, біз барлық ЖМҚС-ларда мүмкіндігінше ЖЖМ босатуды жалғастырып, токтан ажыратылған станциялардың жұмысын қалпына келтірудеміз. 


Осы қиын-қыстау кезеңде Qazaq Oil компаниясы барлығын бір адамдай жұмылып, үйлерді қорғауға және зардап шеккендерге көмектесуге шақырады.





поделиться