Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 03.04.2024

Qazaq Oil ЖҚС желісі су тасқынынан зардап шеккендерге 150 миллион теңге бөлді

Petro Retail компаниясы (Qazaq Oil ЖҚС желісі) су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде және Қазақстан өңірлеріндегі табиғи апаттың салдарын жою үшін 150 миллион теңге бөлді.


Қазір зардап шеккен отбасыларға көмектесу, олардың мүлкін қалпына келтіру және қысқа мерзімде оларды бұрынғы өмір сүру жағдайларына қайтару қажет – дәл осы қажеттіліктерге Qazaq Oil қаржы қаражаты жұмсалады.


"Біздің үлесіміз адамдарға үйлеріне тезірек оралып, жоғалған мүлкін қалпына келтіруге мүмкіндік береді деп сенеміз", – деп атап өтті компания.



Фото ҚР ІІМ сайтынан алынған


поделиться