Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 17.05.2021
Қазақстанда жанармай құю станцияларының концепциясын Qazaq Oil бренді өзгертуде.
Заманауи ЖМҚС-лар клиенттерді тарту орталығына айналып, жанармай сапасына кепілдік бере алады деп санайды PetroRetail ЖШС бас директоры Төлеміс Шотанов.
«Біз ребрендинг бойынша жұмысты белсенді жүргізіп жатырмыз және бүгінгі таңның өзінде жаңа атаумен жаңа форматтағы жанармай құю станциялар саны 30-дан асты. Біз алдағы 3 жылда өзіміздің барлық ЖМҚС-ды Qazaq Oil брендіне ауыстыруды жоспарлап отырмыз, бірақ ол тек атауы ғана өзгеретінін білдірмейді, бұл жан-жақты терең трансформацияны білдіреді», деп айтты.
Оның айтуынша барлық бизнес-процесстер қайта құрылды, оның ішінде техникалық қайта жарақтандыру жүргізілді. Қызметтер аясы, сондай-ақ сатылатын азық-түлік түрлері айтарлықтай кеңейтілді. Бұл сіз жанармай құйып алуға келетін станция ғана емес, бұл – тұтас инфрақұрылым, сіз бір уақытта бірнеше мәселені шеше аласыз – көлігіңізге жанармай құйып, майды ауыстырып, дөңгелек желін үрлетіп алып қана қоймай, сондай-ақ тіл үйірер круассанмен ыстық кофе ішіп, нетбукпен жұмысыңызды тындырып ала аласыз. Станцияда фуд-аймағы бар, онда ең қажетті тауарларды сатып алуыңызға болады.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін банкоматтар, постаматтар, жарнама жеткізгіштерін орнату жоспарланып отыр. Таза дәретханалардың бар екендігін де атап өткеніміз жөн, ол қазіргі уақытта адамдарға деген қатынасымыздың көрсеткіші болып табылады.
«Бүгінгі таңда қоғамымыздың қалай өзгеріп жатқандағын байқап отырмыз. Жан-жақты жастар көбейді. Адамдар барынша таңдау жасай бастайды, олар әлемді көрді және сол көріп-білгенімен салыстыра алады, - деп жалғастырды ол. – Сондықтан біздің клиент – бұл ең алдымен жоғары сапа, мінсіз сервисті алдыға қоятын, жайлы жағдайды бағалайтын заманауи тұтынушы.
Qazaq Oil – бұл өзара қарым-қатынастар қалыптасатын, адамдар өз мәселелерін шеше алатын орын, біздің клиенттеріміз үшін жайлы орта». ЖМҚС 24/7 режимінде жұмыс істейді.
«Біз заманауи машиналарды сатып алдық, резервуарларды ауыстырып жатырмыз, әлемдік брендті неміс жанармай құю бағандарын орнатып жатырмыз, сондықтан Qazaq Oil – бұл тек маңдайшасын ғана ауыстыру емес», – техникалық қайта жарақтандырылуы туралы айтып өтті компания басшысы.
Осыдан 3 жыл бұрын «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станциялары желісін жаңа меншік иесі PetroRetail сатып алған болатын. Бүгінгі күні осы станциялардың ребрендингі жүргізілуде. Компания Қазақстан нарығында 20 % иеленеді. Нұр-Сұлтанда 40-тан астам станция бар. Олардың 6-ауы жаңа Qazaq Oil брендімен жұмыс істеуде.
«Қайта өзгерту – бұл оңай процесс емес, ол уақыт пен қаржылық салымды қажет етеді және ең бастысы клиенттердің бағдарлануын жоғалтып алмай жасау керек», - деп атап өтті Төлеміс Шотанов. Сондықтан компания 3 жылдың ішінде барлық ЖМҚС-ларды жаңа жұмыс форматына біртіндеп ауыстырады.
«Бұл үлкен жолдың бастауында ғана тұрмыз. Нәтижесінде, бірінші жартыжылдықтың өзінде Нұр-Сұлтанда шамамен 10 ЖМҚС болады», - деп айтты ол. Уақыт өте бизнес бағалық сегменттерге бөлінеді, бірақ тек жанармайдың сапасы ғана өзгеріссіз қалады
«Мен әрдайым қоғамдық тамақтану сияқты секторымен салыстырамын. Әрбір клиентте өз қалауы және өз бағалық ауқымы болады. Сондықтан біз қызметтердің кең желісін ұсынатын боламыз. Алдағы жоспарда автоматты түрде жанармай құю орнының санын арттыру бар, мұнда жүргізушілер өздеріне өздері қызмет көрсететін болады. Онда баға арзанырақ болады. Мұндай жанармай құю орны Алматыда бар. Клиент таңдау жасай алады: арзанырақ, бірақ қалыпты сервиссіз және тауарлар бойынша ұсыныстарсыз немесе қымбатырақ – үлкен сауда алаңымен, тамақтану аймағымен премиальды құю орындары. Сондай-ақ эконом класты құю орындары болады», - деп айтты ол.
Төлеміс Шотанов компанияның айтылған пікірлерге жедел ықпал ететінін айтып өтті және ЖЖМ сапасына сын айтылған жағдайда, онда ол сын елеусіз қалдырылмайды.
«Мен, компанияның бірінші басшысы ретінде, клиенттерімізге олар сапалы жанармай алатындығына жауапкершілікпен мәлімдеймін және кепілдік беремін», - деп айтты ол.
Компания бензин сапасын бақылайды, компанияда аккредиттелген зертханалар, оның ішінде жылжымалы зертханалар бар.
Келесі аптада Алматыда тағы үш Qazaq Oil ЖМҚС ашылатын болады.