Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 10.01.2022

Өз өміріңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтауыңызды сұраймыз

Қымбатты достар!

Біз бүкіл әлеммен бірге аза тұтамыз. Осы күндері жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамыз. Орны толмас және ауыр қаза.

Төтенше жағдай аясында бүкіл Қазақстан бойынша 338 жанар-жағар май құю станциясы жұмыс істейді. Күннің соңында олардың саны артады. Тазарту жүргізіліп жатқан аудандарды қоспағанда, Сату орталықтары ашық.

Біз карталарды (байланыс бар жерде), қолма-қол ақшаны,

электрондық купондар, отын карталарын қабылдаймыз.

Біз сенімді серіктес ретінде барлық міндеттемелерімізді орындаймыз. Біз әрқашан өз клиенттеріміздің көңілдерінен шығуға тырысамыз.

Алматы қаласы мен облысқа келетін болсақ, мұнда 47 ЖМҚС іске қосылды. Өкінішке орай, 6 жанармай құю станциясы тоналды. Біздің әріптестеріміз, Аллаға шүкір, дін-аман.

Кез келген сұрақтар бойынша біздің call-орталыққа 9911 немесе 8 771 046 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Өз өміріңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтауыңызды сұраймыз.


поделиться