Tulpar-95 брендті жанармай
Tulpar брендті
жанармайы АИ-95 сапалы отыны және жетекші еуропалық өндірушінің
премиум қосындысы негізінде жасалған.
Көп функционалды қосындысын ірі еуропалық мұнай компаниясы әзірледі. Компанияның премиум-класты бензині
мен автоспорт бензиніне арналған қосындыларды өндіруде көп жылдық тәжірибесі,
сондай-ақ әлемдік деңгейдегі зерттеу орталықтары бар. Компанияның әзірлемелері
бүкіл әлемде бағаланады және сәтті қолданылады.
Р-998 жоғары тиімділікті және көп
функционалды қосынды отынды тікелей бүркуі бар қозғалтқыштар технологияларының
соңғы талаптарына жауап беретін толық, қауіпсіз және заманауи шешім болып
табылады.
Қосындының инновациялық құрамы: толығымен
синтетикалық және органикалық (күлсіз) құрамы – құрамында фосфор, галогендер
мен металдар жоқ.
Tulpar брендті жанармайын құйып, сіздің көлігіңіз мынадай
артықшылықтарға ие болады:
– карбюраторда, форсункаларда, қабылдау
клапандарында және коллекторда шөгінділердің пайда болуын болдырмау және
клапандардағы бар шөгінділерді азайту арқылы қозғалтқыштың толық тазалығы;
– жанармайды пайдалану жиілігіне байланысты
отынды үнемдеудің нақты көрсеткіштері;
жанармайды пайдалану жиілігіне байланысты қозғалтқыш қуаттылығын арттыру;
– коррозия мен тот басудың пайда болуынан
отын жүйесін қорғау;
– төмен температура кезінде клапандардың
кептелу құбылысының алдын алу;
– қозғалтқыш компоненттері үшін зиянның
болмауы;
автокөлікті басқаруды жақсарту және техникалық қызмет көрсетуге шығындарды
төмендету;
– толы бакты тез құюға ықпал ететін көбік
қалыптастыруды бақылау;
– экологияны қорғау үшін қоршаған ортаға
шығарындыларды азайту.
Өнім Қозғалтқыш тазалығы бойынша
(инжектордағы, клапандардағы, жану камераларындағы шөгінділер) әлемдік отын
хартиясының 3, 4 және 5 санатының талаптарына сәйкес келеді.