Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 22.07.2022
Белоруссияның алыс жолға қатынайтын жүргізушілері қазақстандық ЖМҚС жұмысы туралы айтты
Еліміздің Түркістан облысындағы ірі тасжолдарының бірінде
бірнеше жылдан бері жанар-жағар май құю станциясы жұмыс істеп келеді. Айтпақшы,
алыс жолға қатынайтын жүргізушілеріне бұл ЖМҚС көптен мәлім және мұның бәрі
ондағы ыңғайлылыққа байланысты. Qazaq Oil ЖМҚС ыңғайлылығы мен бағасы туралы
тек жанар-жағар май құю станцияларының басты клиенттері болып табылатын көлік
жүргізушілері ғана айтып бере алады. Белоруссияның алыс жолға қатынайтын
жүргізушілері Андрей Пинчук пен Владимир Конкинді жанармай құю саласындағы
сарапшылар деп атауға болады. Қазақстанда олар жол-жөнекей, Өзбекстаннан
Минскіге тауар тасымалдайды. Алыс жол, қай жерде ыңғайлы, жайлы және қымбат
емес, сол жерде жанармай құйып, тоқтағанды жөн көреді.
"Біз Қазақстан арқылы
өткенде, жанармай құю станциясын таңдаған кезде уайымдаған
едік. Өйткені ол көп уақытты алады және алыс жол болғандықтан, жақсылап демалғымыз келеді. Шымкент-Самара тасжолында Qazaq Oil станциясына тоқтадық. Бірден айтайын, таң қалдық, жүк автокөліктеріне арналған
жақсы тегін тұрақ, қолайлы дәретхана және душ та бар
екен. Душ болғанына таңдандық, біріншіден тегін және ыңғайлы, сондай-ақ бірнеше жуынатын кабинкалары бар
екен. Дегенмен, ең бастысы бұл ЖМҚС – бағалары! Біз осы жаққа келе жатқанда жанармай
құйған едік, өте сапалы екен, әріптесім «қайтар жолда да міндетті түрде Qazaq
Oil станциясынан құю керек» деген болатын.
Міне, бүгін біз қайта келіп отырмыз. Бізге өте ұнады және осындай жанармай құю станциялары тек Қазақстанда ғана емес, барлық жерде болса
екен деп үміттенеміз», - дейді жүргізуші Андрей Пинчук.
Qazaq Oil компаниясы Қазақстанда жол бойындағы сервисті алғашқылардың бірі
болып дамыта бастады. Нәтижелері көзге көрініп тұр – бұл әрқайсысы барлық
әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жанармай құю станцияларының жаңартылған
желісі. Бәйдібек ауданы Екпінді ауылындағы жанармай құю станциясында бір уақытта 12 автокөлікке, ал ауыр жүк
көліктеріне – жылжымалы бағандармен жанармай құйылуы мүмкін және олар бұрынғыға
қарағанда 2 есе жылдам жанармай құяды.
«Мен үшін өте жайлы және ыңғайлы. Жанармай құю кезінде минимаркетке барып,
қажет затыңды ала аласың, тегін душ бар екен. Мен жайнамазды көргенде қуанып
қалдым. Тамақтанып, жүрек жалғап аласың,
демаласың, дұғаңды тілеп, қайта жолға шығасың, бізге одан артық не керек. Мен
шын жүректен айтып отырмын, осында келуге кеңес беремін», - дейді алыс жолға
қатынайтын жүргізуші Джабраил Касимов.
Qazaq Oil өз клиенттерін сыйлықсыз қалдырмайды, әр литрден бонус, яғни
кэшбек алатын жүйе жұмыс істейді. Клиент компанияның қосымшасы арқылы осы
бонустарды алып, басқара алады. Сонымен қатар, жол бойындағы жанармай құю станциялары жанармай сатудан ғана емес, сонымен қатар әртүрлі
тауарларды сатудан да пайда көреді.
«Біз басқа станциялардан клиенттерге жол бойындағы сервистің әртүрлі
қызметтерін ұсынатындығымен ерекшеленеміз. Бізде ыңғайлы дәретханалар,
сондай-ақ душ бар. Келушілер душ пен дәретхананы тегін пайдалана алады.
Жанармай құю станциясында мини-маркет бар, онда сіз
тек өнімдерді ғана емес, сонымен қатар гигиена құралдарын, жүргізушінің алғашқы
көмек жинағын, тамақ сатып ала аласыз. Айтпақшы, бізде өте дәмді хот-догтар
бар. Ең бастысы, біздің клиент риза болуы керек, ол үшін біз барлық жағдайды
жасаймыз», — дейді жанармай құю станциясының
қызметкерлері.
Әрбір ЖМҚС-бұл жақын маңдағы аудандардың тұрғындары үшін жұмыс орындары,
мысалы, Екпінді ауылындағы осы станцияда 20-ға жуық адам жұмысқа
орналастырылды. Сондай-ақ, осындай жанармай құю станцияларының арқасында шалғай
елді мекендерге инфрақұрылым жүргізіледі.
«Мысалы, Екпінді маңында біздің жанармай құю станциямыз бар, мұнда барлық
жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. Біздің жұмыскерлер оқытудан өтіп, жақсы
жалақы алады», — деді QAZAQ Oil оңтүстік өңірі бойынша филиалының
директоры Әлібек Үмбеталиев.