Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 20.05.2024
Qazaq Oil-да Ынтымақтастық күні өтті
Qazaq Oil
компаниясында түрлі деңгейдегі қызметкерлер арасындағы корпоративтік мәдениет
пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған іс-шара - кезекті Ынтымақтастық
күні өтті. Осы іс-шараның бір бөлігі ретінде топ-менеджерлер қатардағы
әріптестерінің қандай қиындықтарға тап болатынын өз тәжірибесінде түсінуі үшін
кассирлер мен операторлардың міндеттерін уақытша орындады.
Мұндай рөлдермен
алмасу басшылыққа кассирлер мен операторлардың күнделікті жұмысына тереңірек үңілуге,
олардың қажеттіліктері мен қиындықтарын жақсы түсінуге мүмкіндік берді.
Менеджерлер тапсырыстарды қалай тез және дәл өңдеу керектігін, әртүрлі клиенттермен
қалай тіл табысу керек екендігін және туындаған мәселелерді қалай тиімді шешуге
болатындығын білді.
Жұмыскерлер өз кезегінде өз басшыларын жаңа рөлде байқауға мүмкіндік алды, бұл өзара құрмет пен сенімді нығайтты. Бұл тәжірибе команданың рухын көтеруге көмектесіп қана қоймай, тиімділікті арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту үшін енгізілуі мүмкін жұмыс процестеріндегі практикалық оң өзгерістерді анықтауға ықпал етті.
"Біздің
компаниямыздағы Ынтымақтастық күні – бұл кеңсе қызметкерлері мен олардың
филиалдардағы әріптестерінің барлық процестерді іштен көру, сондай-ақ жұмыскерлерден
кері байланыс алу үшін жанармай құю станциясына кассирлер мен операторлар
ретінде баратын тұрақты тәжірибе. Оларды не ойлайтынын түсіну, олардың
ұсыныстарын, ойларын тыңдау. Бұл кемшіліктерді анықтап, оларды тез арада
түзетуге тырысуға мүмкіндік береді",- деп атап өтті Qazaq Oil HR-директоры
Анвар Бекназаров.
Қазақстан бойынша
360-тан астам ЖМҚС қатысқан іс-шара клиенттерден кері байланыс алудың, олармен
әңгімелесудің және одан да жақсырақ болу үшін не нәрсеге назар аудару
керектігін және нені пысықтау керектігін түсінудің тамаша тәсілі болды.