Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 28.09.2021
Дизель отыны бағасының өзгеруі
Өкінішке орай көршілес мемлекеттермен дизель отынына
бағаның диспаритеті іс жүзінде жанармайдың «ағылуының» қалыптастуына әкеп
соқты, транзитті жүк фуралары Қазақстан аумағында бір құйғанда 1000 және одан
көп литр құяды.
Сондай-ақ қазан айында Павлодар мұнайхимия зауыты (ПМХЗ)
жоспарлы жөндеуге тоқтайды.
Жоғарыда аталған факторлар ДО жетіспеген көлемін РФ-дан
импорттау қажеттілігін туындатады. Соның салдарынан ЖМҚС-да босату бағаларын
көтеруге әкеп соғады, өйткені сатып алу бағасы мен ілеспе шығындарды да ескеру
қажет.
Дегенмен бағалардың өзгеруі кезең-кезеңмен дизель отыны
жаңа көлемдерінің келіп түсуіне байланысты болады.
Орын алып отырған жағдайда басты міндетіміз – барлық
тұтынушылар үшін дизель отынының қажетті көлемін қамтамасыз ету және барлық
міндеттемелерді уақтылы орындау болып отыр.