Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 05.07.2023
«PetroRetail» ЖШС активтерін сатуға байланысты ақпарат
«PetroRetail»
ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде орналасқан бұрын
консервацияланған 28 жанар-жағар май құю станциясы мен 2 жол бойындағы кемпингті
қамтитын активтерді сататындығын хабарлайды. Бұл шешім Серіктестік объектілерін
қайта құрылымдау және оңтайландыру аясында қабылданды.
Серіктестік мүдделі тұлғаларды krisha.kz сайтында, «Казахстанская
правда», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, сондай-ақ Серіктестіктің өз сайты
qazaqoil.kz-де сатуға арналған активтердің толық тізбесімен танысуға шақырады.
Активтерді сату «Мемлекеттік тізілім» сауда-саттық
порталында https://e-qazyna.kz/ сілтеме бойынша тізілімнің веб-порталында мүлікті
сату бойынша электрондық сауда-саттықты өткізу регламентіне сәйкес («Ақпараттық
есепке алу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы шешімімен
бекітілген (№66 хаттама), сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланған
күні қолданыста болатын редакцияда) бағаны көтеруге аукцион арқылы өткізілетін болады.
«PetroRetail» ЖШС Қазақстандағы мұнай
өнімдері нарығындағы жетекші қатысушылардың бірі болып табылады және өз
бизнесінің басқа бағыттарында дамуын жалғастыруда. Серіктестік өзінің барлық
клиенттері мен серіктестеріне жылдар бойы сенім мен қолдау көрсеткені үшін
алғыс білдіреді және болашақта одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.
Cq T bhbwz
1 year ago