Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 08.09.2021
Qazaq Oil жанар-жағар май құю станцияларының ұлттық бренді қалай құрылды
Qazaq Oil жанар-жағар май құю станцияларының ұлттық бренді
қалай құрылды
Қазіргі уақытта компания активінде 355 жанар-жағар май
құю станциясы бар. Басшылық олардың санын, ең алдымен DODO бағдарламасымен
серіктестерді тарту есебінен арттыру мақсатын қойып отыр. Компания ребрендинг
жүргізуде, ол негізгі құралдар қорын жаңарту тұрғысынан да, сондай-ақ жалпы
алғанда жаңа маркетингтік серпін беру жағынан да қажет.
«ҚМГ бренді беделді, бірақ біз өз атымызды
қалыптастырғымыз келді. Станцияларды Qazaq Oil атауына өзгерту туралы шешім
қабылданды. Бір жағынан, бұл бұрынғы шығу көзіне қайтып оралу: ҚМГ «Қазақ Ойл»
желісін дамытудан басталған болатын. Екінші жағынан бұл – елімізде өзінің ұлттық ЖМҚС желісі
болуына талпыну, Мысалы, Румынияда Rompetrol, Ресейде «Роснефть». Өз ЖМҚС
ұлттық желісінің болуы – біз үшін идея-фикс болды, біз оның айналасына
компанияның өзін ғана емес, сондай-ақ оған қатысы бар барлық клиенттерді,
жеткізушілер мен серіктестерді біріктіру болды, - деп атап өтті PetroRetail бас
директоры Төлеміс Шотанов.
Төлеміс Шотанов
Мұнда клиенттер үшін клиенттер үшін сенімді және адал
серіктес болу, бұрынаннан санада қалыптасқан ЖҚК ескі түсінігінен арылып,
жанар-жағармай құю кешенінің заманауи санатына ауысуға талпынады. Осы мақсатта
сауда алаңдарын қайта қалыптастыруға басты назар аударылды. Мақсаты – жанармай
құю станциясының алаңынан кетуге қимайтындай сервис деңгейін қалыптастыру
болды. Ыстық кофе, дәмді пісірме өнімі, сыпайы қызмет көрсету, таза
дәретханалар, Wi-Fi, витраж терезелері, тамақ ішу үшін де, ноутбукпен жұмыс
істеу үшін де ыңғайлы орындар – бұл қоғам менеджментінде өршіл және орындауға
болатын міндеттер. Мұндай ЖҚК саны Қазақстанда жүзге жетті.
«Жүз – бұл тек
әдемі сан ғана емес, ол әрдайым ментальды мәнге ие болды, дегенмен мен біз
қалай сапалы түрде өзгергендігімізді, бір жылға толмай 100 ребрендингтелген
ЖМҚС көрсеткішіне қол жеткізгендігімізді атап өткім келеді», - деп атап өтті
компанияның бас директоры Төлеміс Шотанов.
Өзінің алғашқы ребрендингтелген жанар-жағармай құю
кешенін компания өткен жылдың қарашасында іске қосты. 9 айдың ішінде оның санын
жүзге дейін жеткізді. Егер жанармай құю станцияларының тоқтамағандығын, желі
жұмысын жалғастырғандығын ескеретін болсақ, бұл жақсы көрсеткіш.
«Мен үшін бұл цифр нені білдіреді? Біз күшті негізді
қалыптастырып, өз бағытымызды айқындадық. Бұл - Qazaq Oil, жаңа жанармай құю
станциясы, жаңа бренд, өзара қарым-қатынастар тарихының жаңа парағы. Сондықтан
бұл сан – біраз аялдап, «иә», бренд қалыптасты деп айтуға болатын көрсеткіш. Енді
оны одан әрі дамыту қажет. Біздің барлық ЖҚК Qazaq Oil брендімен жұмыс істеуіне
талпыну қажет. Біз осы бағытта жұмыс істеудеміз. Біз өз жолымызды таптық», -
деп ерекше атап өтті бас директор.
Сонымен қатар, мұнда ең алдымен жанар-жағармай құю
кешені екендігін және сапалы отын маңызды екендігін ұмытпайды. Қазақстанда өнім
барлығында бірдей болғандықтан, барлық ЖҚК бірдей жағдайларда. Қай уақытта отын
сапасы нашарлайды? Жеткізу кезінде, сақтау процесінде, тасымалдауда және тағы
басқа. Сондықтан сапаны сақтап қалу үшін Qazaq Oil-да барлығын өзгертті: отын
резервуарлары, бағандар, құбыр жолдары. Адамдарға отын сапасы ғана емес, оны
құю дәлдігі де маңызды. Осы мақсатта барлық отын тарату бағандары жаңартылды. Олар
Gilbarco заманауи неміс өндірушісінен, ол миллилитрге дейін дәл құюға кепілдік
береді. Израиль компаниясының жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылды, ол
қашықтан барлық қалдықтарды, босату мөлшерін және тағы басқаларды көріп,
қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар клиенттер үшін жағымды жағдай бар,
ол – белгілі бір жанармай мөлшерін сатып алғанда жеңілдікке қол жеткізе алады.
Компания
цифрландыруға да көп көңіл
бөледі.
«Жақын арада мобильді қосымша іске
қосылады, ол бонустарды Qazaq Oil жанармай құю станцияларында ғана емес, біздің
серіктестерден де жинақтауға, кейіннен оны бізде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл
өте ыңғайлы, көлігіңізге еш байланыссыз жанармай құйып алумен қатар, marketplace-те
он мыңдаған позицияларға сауда жасауға, коммуналдық қызметтерге төлеуге,
теміржол және авиабилеттерді сатып алуға, медициналық мекемелер мен сұлулық
салондарына жазылуға мүмкіндігіңіз болады.
Біз әрбір біздің қызметкер, алдыңғы қатардағы
жұмыскерден бірінші басшыға дейін клиенттер үшін қызмет ететіндігімізді естен
шығармауына талпынамыз. Ертеңгі күні Қазақстандағы бизнес-кейстер туралы
айтатын, қазақстандық бизнестің мақтанышы болатын, ЖҚК ұлттық желісіне
айналатын компания болатынын өз үлгімізде көрсеткіміз келеді», - деп өз
жоспарымен бөлісті Qazaq Oil басшысы.
Оның айтуынша, компания үшін ең 1 артықшылық – бұл ашықтық. Осы мақсатта клиенттер үшін qazaqoil.kz сайты жасалды, олар қашықтан талондарды ала алады, өз ұсыныстарын әлеуметтік желіде қалдыра алады. Екіншісі – өзара қарым-қатынастағы адалдық, құю, сақтау, сапа, сервис, қызмет көрсету адалдығы. Үшіншісі - клиенттердің қызығушылығын арттыру. Оған қалай қол жеткіземіз? Клиенттермен дұрыс қарым-қатынас құру есебінен. Компания келуші үшін қандай да бір үшінші кеңістікке айналуға талпынады: үй, жұмыс және Qazaq Oil, мұнда оны біледі, жақсы қарым-қатынаста болады, келіп кофесін ішеді, сапалы қызметтер алады және ол жерден дағдылы, жанына жақын сезімде кетеді.
ЖҚК желісін кеңейту мақсатында компания серіктестерге
франшиза ұсынады. Бұл бағдарлама ҚМГ кезінде де болған, біз сол бағдарламаны
жаңғырттық. Егер бұрын белгілі бір сыйақы жүйесі болса, қазір біз әрбір жобаны
серіктеспен отырып жеке қарастыруға, оның мүдделерін ескеруге, тіпті
серіктеспен маржаны да бөлісуге дейін дайынбыз.
Ең бастысы, серіктес нені алады – дайын бизнес-идея,
дайын бренд, қажетті регламенттер, стандарттар, өнімді үзіліссіз жеткізу,
мотивациялық бағдарлама, персоналды оқыту. Әрине, бұл екіжақты жол және
сондай-ақ серіктестің де міндеттемелері бар. Ол өз капиталын салады,
операциялық басқарумен айналысады, осы мәселелерді бір өзі шешеді, бұл бір
шаруа, ал уақыт сыншысынан өткен, автоәуесқойлардың көпшілігі таңдайтын сапалы
бренд – бұл басқа шаруа.
«Біз ЖҚК саны ғана емес, нарықта үлесіміз бойынша № 1
компания екендігімізді нақты айта аламын. Компания үлкен болған сайын, оның
серіктесі болу да қызуғышылық тудырады. 50 немесе 70 ЖМҚС бұл - бір жағдай
болса, ал 400 ЖМҚС – бұл мүлдем басқа жағдай. Өйткені мұндай үлкен
компанияларда өз карта ұстаушылары, талон алушылары бар және өзіндік
мультипликативті тиімділігі болады. Басқаша айтқанда клиенттер жақсы трафик
және кепілдікті сату көлеміне ие болады. Бұл – бизнесте ең басты болып
табылады. Біз жоғары қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз етеміз, өз
құзыретімізбен бөлісеміз, бізде бұл бір жолға қойылған», - деп атап өтті
Төлеміс Шотанов.
«Өзінің жіберген қателіктерінен сабақ алу, бұл бір
басқа, ал процестері бір ізге қойылған дайын бизнеске кіру - ол басқа іс. DODO
принципі бойынша 50-ден астам серіктес тартылды, компания бизнесті қызықты жоба
- Qazaq Oil ұлттық желісін құруға, оның толық құқықты серіктесі болуға
шақырады. Ол дайын жобаны білдіреді, серіктес салған қаражатын кепілдікті
қайтарып алуымен дайын бизнес жобаны алады.
«Кез-келген бизнесті адамдар жасайды, мен өз
әріптестерім мен клиенттерімізді, серіктестер мен жеткізушілерімізді айтып
отырмын. Адамдардың қарым-қатынасында ең бастысы не маңызды? Әлеуметте белгілі
бір табысқа жету үшін сенім маңызды. Бұл – бәрінен жоғары тұратын валюта. Сондықтан
Qazaq Oil жанар-жағар май құю станцияларының желісі сенімді қалыптастыруға,
адамдарды біріктіретін көпірге айналуға және оларды асқақ арманға жетелеуге
талпынады», - деп сенеді компанияда.
BrandonTwishDB
7 months ago