Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 12.07.2021

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ІССАПАРЫ

Жақын арада біздің компания қызметкерлерінің бір тобы бас директор Төлеміс Шотановпен бірге Украинаға барып қайтты. Сапар танымдық тұрғыдан да, тәжірибе алмасу жағынан да ерекше болды. Бұл елде клиенттерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз етудің бір ретке қойылған  жүйесі қалыптасқан.

Біздің міндет – нарықтағы нөмір бірінші компанияны құру, тек көлемі бойынша ғана емес, сапасы, сервисі, маркетингі мен менеджменті бойынша. Компанияны барынша клиентке бағдарланған ету.

Алаңы үлкен дүкендер – маркет, алаңы кішірек – минимаркет барынша қайтарыммен пайдаланылады. Бір сөзбен айтқанда мұндай тұжырым «дүкен жанындағы жанармай станциясы» деген ұстанымға жауап береді, керісінше емес. Клиент мекемеде өзінің вип-персона екендігін сезінеді.

Сонымен қатар өз мұнай базалары таразылармен жабдықталған, бензовоздар паркі бар, олардың барлығы  - бәсекеге қабілетті артықшылық.

Мұнда автокөлікке халықаралық тәуелсіз инспекциялық агенттіктер федерациясымен расталған тамаша жанармайды құйып алуға болады, сондай-ақ басқа қызметтер алуға болады.

Ыңғайлы маркет форматы клиентке бір шыны кофе ішуге және гастрономиядан тамақтанып алуға, сондай-ақ үйге азық-түлік сатып алуға мүмкіндік береді.

Украина жанармай ритейлі дамыған тұтынушы сегментімен, табысты басқару жүйесімен, ең бастысы – стандарттармен өзіне тартады.

Ең басты назар осыларға аударылады, сондықтан мамандандыруда да және бизнес-процестерді табысты басқаруда да бүкіл бөлшек сауда табысты жүзеге асырылуда.

БІЗДІҢ КОМАНДА ӨЗ НАЗАРЫМЫЗҒА АЛҒАН СӘТТЕР АЗ ЕМЕС.

«Біз толық форматты ребрендинг жасаудамыз. Бұл тек маңдайшасын ғана ауыстыру емес. Бұл ЖМҚС-дағы барлығын толығымен ауыстыру. Технологиялық – құбыр жолдары, резервуарлар және тағы басқа. Бизнес-модельді ауыстыру.  Серіктестермен, жеткізушілермен өзара іс-қимылды ауыстыру. Жаңа маркетингтік стратегия.

Біз үшін жетекші «ойыншылардың» тәжірибесі маңызды және біз Украина тәжірибесін қараймыз, өйткені Украинада бұл сала жақсы дамыған. Бір қарағанның өзінде бірнеше жетекші «ойыншылар»  бар екендігін көруге болады, лардың өзіндік ерекшелігі бар, нәтижесінде бұл бәсекеге қабілетті және икемді нарықты қалыптастырады, - деді Төлеміс Шотанов.


поделиться