Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 11.08.2021
О развитии DRIVE-THRU в мире
COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдарын
адамдардың өмір-тіршілігі мен әдеттерін өзгертуде. Сондықтан ЖМҚС желісі де
өзгеріп жатқан жағдайға бейімделу үшін, қажет етілген, клиенттер мен
қызметкерлердің қауіпсіздігін қолдау үшін инновацияларды өз қызметтеріне
белсенді енгізеді. Бұл клиенттік тәжірибені жақсартуға, тұтынушыларды
қанағаттандыру үшін сервистерді қайта ойластыруға және басқаша сауда жасауға
мүмкіндік береді.
Сіз өміріңізде Drive Thru –
автотарату тұжырымдамасымен кездескен шығарсыз, ол клиенттерге машинадан шықпай
тамақ пен сусынды жылдам және қарапайым сатып алуға болады. Формат McDonald's-тан Burger King пен KFC-ге дейін
жылдам тамақтану мейрамханаларының танымал желілерінде белсенді пайдаланылады. Тамақты
өзімен алып кету қызметі ретінде ол уақытты үнемдейді, қызмет көрсетуді
жылдамдатады және байланыссыз төлемді қамтамасыз етеді.
АҚШ-та тұтынушылар арасында
жүргізілген сұрау салу негізінде Bluedot және SeeLevel HX есебіне сәйкес
пандемия осы жылдың сәуірінен бастап клиенттердің 43%-ға автотарату қызметтерін
пайдалануға және арттыруға айтарлықтай ықпал етті. Starbucks кофейня америкалық
желісі форматтың 2021 жылдың екінші тоқсанында компанияның 50 % астам сауданы
қамтамасыз етіп, COVID-19 дейінгі деңгеймен салыстырғанда 10 %-ға артқандығын
хабарлайды.
Халықаралық тәжірибе
Orlen поляк компаниясы шілде
айында Вроцлав әуежайы ауданында Orlen Drive инновациялық форматтағы үшінші
станцияны ашты. Бұл ЖМҚС желісінде еуропалық ауқымдағы бірегей шешім болды.
Формат шеңберінде машинадан
шықпай клиенттер жанармай құйып алып, тамаққа тапсырыс беріп, барлық
қызметтерге төлем жасай алады. Формат олардың жылдам және тиімді қызмет
көрсетуін күтуіне жауап ретінде клиенттердің сұрау салуы нәтижесінде жасалды.
Трафикті жеңілдету үшін жанар-жағар май құю станциясында екі қозғалыс желісі
бөлінген. Олардың бірі мейрамхана клиенттеріне ғана арналған, екіншісі – машина
жанармай құюға арналған. Бұл бөлу зерттеу нәтижесі болып табылады, ол
клиенттерге қызмет көрсетудің орташа уақыты 210 секундтан аспауы тиіс екендігін
көрсетеді.
Львовте (Украина) ОККО желісі
автотаратумен жанармай құю кешенін ашты. Бұл кафе – ОККО Drive ассортиментінен
тағамдарды терезеден беру арқылы жұмыс жасайтын алғашқы АЗК. Компания
клиенттерге автокөліктерінде қызмет
көрсетуді жылдамдататын, дәмді тағам жеп және хош иісті кофеден дәм татқысы
келетін, бірақ сауда залына кіруге уақыты жоқ клиенттерге бұл желінің тағы бір
эксперименті екендігін атап өтті.
ZOOM – Біріккен Араб
Әмірліктерінде қадамдық қолжетімділік дүкендерінің желісі көктемде автокөлікпен
жүру қызметтерін іске қосты, ол алғашқы қажеттілік заттары мен азық-түліктерді
байланыссыз сатып алу үшін Дубайда сатып алушыларға ыңғайлылықты арттырады.
Алғашқы пилоттық сервис Аль-Авирде орналасқан
ENOC жанармай құю станциясында ұсынылады. Жақын уақытта Бірлескен Араб
Әмірліктерінде компанияның кейбір ЖМҚС-ларында осы тұжырымдаманы енгізуді
жоспарлап отыр.
Wawa ЖМҚС америкалық дүкендерінің
желісі толығымен Drive-Thru форматына негізілген алаңы 170 м2 тәулік бойы жұмыс
істейтін дүкенін ашты. Сатып алушылар тапсырысты орналастыру үшін терезеге
жақындайды, ал Wawa төлемді өңдеп, оларға тауарды беретін болады. Егер жол
кезегі өте ұзақ болса немесе біреуінде көп тапсырыс болса, онда клиенттерді
тұраққа жібереді, онда тапсырыс машинаға апарып беріледі. Сонымен қатар
компания жүруі үшін терезесі бар «әдеттегі» Wawa үшін жаңа тұжырымдаманы тестілейді.
Farm Stores (АҚШ) автотаратумен ыңғайлы дүкендер пайдаланылған
көлік контейнерлерінен салынған. Фермерлік дүкендер бірегей және азық-түлік
дүкені, наубайхана және мейрамхана гибридін білдіреді. Ең бастысы, олардың 80%-ы тұрақты клиенттер болып табылатын
оларға Drive-Thru форматында машинадан шықпай
сауда жасау өте ыңғайлы. Сауда жасаудың ыңғайлылығы, сапасы мен қызмет
көрсетуіне негізделген модельге брендтің адалдығы компанияның тұрақты өсуіне
және саланың тұрақты рецессиясында жаңашыл болуға мүмкіндік береді.
De IJswinckel және Berkman
Energie Service балмұздағын өндіруші Барендрехтте (Нидерланды) жанармай құю
станциясының аумағында Ice Drive Thru іске асыоу үшін өткен жылдың жазында өз
күштерін біріктірді. Қиын жағдайға қарамастан компания ынтымақтастығы персонал
жұмысын қолдауға және клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік
берді. Тәтті жаңадан дайындалған балмұздақты ЖМҚС-де автокөлікте отырып сатып
алуға болады. Жылжымалы контейнер күнделікті сағат 13-тен 21-ге дейін
күнделікті демалыссыз ашық және автокөліктер, мотоциклдер, скутерлер мен
велосипедтер үшін қолжетімді. Бірінші терезеде тапсырысты орналастырып, төлейді,
ал павильонға өтіп, онда тапсырысты орауышқа салып, тікелей автокөлігіне алады.
Австралияда қосымша арқылы тапсырыстардың
артып келе жатқан танымалдығы автокөлік сүйер қауымға ғана арналған Ньюкасл-де
алғашқы KFC іске қосуға әкелді. Жаңа тұжырымдамада - Drive-Thru Only сатып алушылар қосымша арқылы
немесе компанияның веб-сайты арқылы мейрамханаға келгенге дейін тағамға
тапсырыс бере алады. Drive Thru Only клиенттері келген соң KFC қосымшасымен
немесе веб-сайтпен сгенерацияланған бірегей төрт таңбалы кодты сенсорлық
экранды терминалға енгізуі тиіс, бұл арқылы өз тапсырысын дайындауға жібереді,
онда тапсырыс санаулы минуттарда дайын болады.
Шотландиядағы BrewDog сыра
дайындайтын зауыттар мен пабтардың көп ұлттық желісі Drive Thru форматында жаңа
орындарды аушуды жоспарлайды. Сырттай қарағанда олар дәстүрлі жанар-жағар май
құю станциялары сияқты, онда клиенттер крафты сыраны сатып ала алады,
пайдаланылған ыдысты тапсыруға, сондай-ақ электромобильдерді қуаттандырып алуға
мүмкіндігі бар. Инновациялық сыра орындары сыраны сату орындары және пайдаланылған
орауышты жинау орындары болады. Кеңістік клиенттерге қызмет көрсету аймағына,
электромобильдерді қуаттау станциясына және ыдысты қайтару орнына (гроул ер,
мини-кег және көп рет пайдаланылатын бөтелкелер) бөлінген.
Қорытындылай келгенде,
автотаратудың тағы бір үлгісі, тек интроверттер үшін. Финляндияда Burger King
«үнсіз автотаратуды» іске қосты, онда олар бір ауыз үн қатпай тағамға тапсырыс
беріп, алады. Клиенттерге идея ұнағаны соншалықты қосымша арқылы сауда жасау
сервисті іске қосқаннан кейін бір айдан соң екі есе артты.
Финдер жалғыздықта уақыт
өткізгенді ұнатады, сондықтан елімізде өзі ғана ішуге мүмкіндік беретін барлар
бар, дүкендерде мұндай жалғыздықты жақсы көретіндерге арналған арнайы
себеттерді ұсынады. Өзіндік ұстамдылығы мен тұйықтылығы қайтадан пайымдауға
және drive-thru форматы тұжырымдамасын өзгертуге мүмкіндік берді. Тек
тапсырысты қосымша арқылы және «үнсіз автотаратуды» таңдау қажет. Тағамды
машинаға әкеп береді және бірде-бір сөз айтпайды.
ИГОРЬ ВАЖИНСКИЙ, ЖМҚС ЖЕЛІСІН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ-ПРАКТИК, РИТЕЙЛ-ДИЗАЙНЕР, «SUPERSTATION.PRO» ӘЛЕМДЕ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ СЕРВИС ЖӘНЕ ЖМҚС ЖЕЛІЛЕРІ ТУРАЛЫ КӘСІБИ ЖУРНАЛДЫҢ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ