Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 24.07.2021
«Qazaq Oil» кәсіпкерлерге жанар-жағармай станциясын ашуды ұсынады
«Qazaq Oil» кәсіпкерлерге жанар-жағармай станциясын ашуды ұсынады. Ол үшін «Qazaq Oil»-дан франшиза алу керек. Ел бойынша шамамен 40 май құю бекеті компания брендімен жұмыс істейді.
«Qazaq Oil» брендінің серіктесі болуға өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге таптырмас мүмкіндік беріліп отыр. Олар компания франшизасымен бизнес бастай алады немесе қазірде осы нарықта жүрген жандар өз істерін көркейте алады. Өз тарапынан Petroretail компаниясы толық қолдау көрсетуге дайын.
Төлеміс Шотанов, Petroretail ЖШС Бас директоры:
- Біз серіктес болуға ниетті жандар үшін компания брендін, өнімдерін беріп, сауда жасау жолдарын көрсете аламыз. Сондай-ақ бизнес жүргізудің дайын стандарттарын, барлық қажетті регламенттерді береміз, тіпті қызметкерлерін оқытуға дайынбыз. Біз жасаған акциялар арнайы жиындар серіктестің жанармай құю станциясына да әсер етеді.
«Qazaq Oil» франшизасы бойынша жанармай құю станциясын жеке қаражатқа да, қарыз ақшаға да ашуға болады. Компания өз серіктестеріне толық аяқталған бизнес-жобасын ұсынады. Салымдарды қайтару кепілдендірілген. Кәсіпкерге жанармай жеткізу мәселесіне бас қатырудың қажеті болмайды. Себебі франшизада оны жеткізіп беру де қарастырылған.
Төлеміс Шотанов, Petroretail ЖШС Бас директоры:
- Біз нарықта көшбасшы компаниямыз. Оған дәлел жанар-жағармай құю бекетінің саны бойынша ең көбі біздің бизнеске тиесілі. Сонымен қатар адал клиенттік база бар. Олар біздің франшизаны алған кәсіпкердің бекетіне барып керек қызметті алары сөзсіз.
Соңғы уақытта «Qazaq Oil» Қазақстанның отын нарығында белсенді компаниялардың бірі. Ел бойынша 78 автожанармай құю станциясы ашылды. Алдағы 3 жылда олардың саны 350-ге жетеді.