Facebook
Instagram
Кері байланыс

Жаңалықпен бөлісу

Жарияланған күні: 04.04.2023

Работники Qazaq Oil стали чемпионами "Лиги"

Корпоративтік жарыс үшін компания тіпті арнайы IT бағдарламасын әзірледі, ол арқылы жұмыскерлер мен басшылар онлайн режимінде әрбір қатысушының сату нәтижелерін бақылай алады.
«Чемпиондар лигасында» барлығы нағыз спорттағыдай болды: барлық ЖМҚС желілері лигаларға бөлінді (A, B, C, D және т.б.), жарыстар үш кезеңде өтті – жартылай финал, финал және суперфинал, оның қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды.
"Бірінші және екінші орын алған екі ЖМҚС жұмыскерлері Мысыр еліне және Бурабай шипажайына курорттық демалысқа толық құрамда барып қайтты. Олар болмаған кезде ЖМҚС, әрине, жұмысын жалғастырды, жеңімпаздарды басқа станциялардағы әріптестер алмастырды",-деп бөлісті Qazaq Oil PR-директоры Әсел Әлімханова.

Абай облысы Үржар ауданы Таскескен ауылындағы Qazaq Oil ЖМҚС жұмыскерлері «Лига чемпиондары» атанды.



ЖМҚС жанындағы мини-маркетте жайлы және жылы, бұл жылыту жүйесі немесе даладағы күн шуақты ауа-райына байланысты емес, мұнда жақсы қалыптасқан достық ахуал, әрбір клиентті үйдегідей күлімсіреп және шынайы құшақ жая қарсы алады. ЖМҚС жұмыскерлері бір-біріне тек әріптестер ғана емес,  әсіресе оларды одан әрі береке-бірлігін арттырған Шарм-эль-Шейхке бір апталық сапардан кейін, олар бір отбасының мүшелеріндей болып кетті.  

«Жеңіске жету қиын болды, өйткені конкурсқа Қазақстанның бүкіл жеріндегі біздің компанияның  барлық ЖМҚС-лары қатысты. Біз үлкен жұмыс жасадық, оның барысында белгілі бір қиындықтар да болып жатты.  Біздің жеңісіміз туралы хабарланған кезде, біз бірден сене алмадық. Бізді қошеметпен қарсы алған кезде, бас директор бізді құттықтаған кезде ғана жеңіске жеткенімізді сезіндік» - деп бөлісті кассир Ғибадат - Слямия Айтқазинова



Әрине, таскескендіктердің алғашқы сезімі күмән тудырды: «біз Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалалардыңЖМҚС-ларын басып озып, қалай жеңдік?». Жеңісті сезінгеннен кейін: «Шетелге ме? Қыстың ортасында? Ал үй, отбасы ше, жұмысты кім істейді?». Таскескен ЖМҚС жұмыскерлерінің көпшілігі бұрын Қазақстаннан тыс жерлерге бармаған, тіпті шетелге шығатын паспорттары да жоқ. Бірақ демалысқа барып келгеннен кейін, олар қуаныштарын жасырмады. 

«Біз қайтып келіп, жұмысқа шыққанда, біздің клиенттеріміз қатты қуанды, басқа адамдармен жұмыс істеу әдеттен тыс екенін айтты. Әрине, олар біз үшін байқауда жеңіске жеткенімізге қуанышты болды, бірақ клиенттер біздің орнымыз бөлек екенін айтты,  бұл біз үшін ең үлкен жетістік – клиенттердің сүйіспеншілігі», – дейді Ғибадат-Слямия Қазыханқызы.



Ер адамдар әдетте көп сөйлей қоймайды, бірақ олар Мысыр елі туралы, өздерінің сезімдері мен бастан өткен қызықты оқиғаларын айту арқылы эмоцияларымен бөлісті. 

"Бұл керемет демалыс болды, біз демалыс орнында, Қызыл теңізде тамаша уақыт өткіздік. Біз қыстың ортасында жазға саяхаттадық деп айта аламыз. Чемпиондар лигасын тағы да жеңіп алу үшін көп жұмыс істеуге дайынбыз", – дейді жанармай құю станциясының операторы Қайрат Нүсіпов.



Өскемендегі әріптестері де өз жеңістеріне қуанды. Олар да бар күштерін салды, бірақ бірінші орынға дейін шамалы ұпайлары жетпей қалды. Өскемен жанармай құю бекетінің жұмыскерлері Бурабайға сапарды жеңіп алып, олар толық құрамда «Оқжетпес» шипажайына демалып қайтты. 

"Бұл тамаша демалыс болды, бізге осы шипажайдағы барлық нәрсе ұнады: түрлі емдік ем-шаралар мен ойын-сауық бағдарламасы да", - деп өз әсерімен бөлісті кассир Әсемгүл Кечубаева.

Бойжеткен бұл жеңіс ұжымның бірлігі мен әр жұмыскердің өз міндеттерін мінсіз орындауының арқасында мүмкін болды деп санайды. Осы жанармай құю станциясының тағы бір жұмыскері Мадина Қабдешова өз командасының «Чемпиондар Лигасындағы» жеңісі туралы айтқан кезде толқып, көзіне жас алды.

"Менеджер бізге байқау нәтижелерін айтқан кезде, біз есеңгіреп қалдық, қуанышымызда шек болмады! Біздің жанармай құю станциясы алдымен төртінші орында тұрды, біз жеңе алмаймыз деп ойладық, бірақ жарыстың соңында біз екінші орынға шықтық», - дейді ол.


Мадина Кадрашованың айтуынша, ұжым шипажайға келгенше және оның керемет бөлмелерінде орналасқанға дейін, яғни соңғы сәтке дейін өз сәттіліктеріне сене алмады.


«Біздің компания үшін адам тек жұмыскер ғана емес, ең алдымен капитал. Мотивацияның мұндай материалдық емес әдістері ұжымға брендке қатыстылығын сезінуге көмектеседі. Бұдан кадрлардың жиі ауысуы мәселесін шеше отырып, ол жағынан ұйым да ұтады, ал ретейлде бұл өте маңызды, өйткені жаңа жұмыскерлерді іздеу мен оқыту компанияларға және клиенттерге әлдеқайда қымбатқа түседі, өйткені сервис біз үшін бәрінен де жоғары», – деп атап өтті Әсел Әлімханова.



«Чемпиондар Лигасының» жарыстары биыл да жалғасуда, одан да көп ұжымдар мен ынталы жұмыскерлер қалыптаса бастады. Осылайша, Qazaq Oil өзінің барлық персоналына, ал бұл Қазақстан бойынша бес мыңға жуық адамға қамқорлық жасап, сондай-ақ табысты жұмыс істеу үшін жағдай жасайтынын көрсетеді.


поделиться