Жаңалықпен бөлісу
Жарияланған күні: 13.10.2021
Зертханада бензин сапасы қалай тексеріледі?
Жанармай сапасы автокөліктегі қозғалтқыштың жұмысына тікелей әсер етеді.
Алматыда БАҚ бензин сапасы қалай анықталғандығын
алғаш рет көрсетті. Жанармай QazaqOil ЖМҚС-дан алынды. Бұл туралы inbusiness.kz. тілшісі хабарлайды.
Жанармай құю аумағында төрт жанармай резервуары орналасқан. Зерттеу жүргізу үшін зертханашы АИ-92 маркалы бензиннің сынамасын алды. ЖМҚС резервуарынан жанармай сынамасы үш деңгейден: төменгі, орта және жоғарғы деңгейлерден алынады.
«Біз екі литр бензинді мөрлейміз. Бір литр тексеру
сынамасы ретінде сынақ жүргізуге жіберіледі. Екінші сынама, егер мұнай өнімінің
сапасын бағалауда келіспеушіліктер туындаған жағдайда, арбитраж сынамасы ретінде
45 тәулік сақталады. QazaqOil әрбір жанармай құю станциясындағы жанармай сапасын
тексеру ай сайын жүргізіледі», - деп түсіндірді аға зертханашы Қанатжан Манаров.
Жанармай сынамаларын мөрленген қара бөтелкеде Алматыдан 40 минуттық жерде орналасқан зертханаға жібереді.
Зертханаға бармас бұрын жанармай құю қызметкерлері
бензинде тауарасты суының бар-жоғы қалай анықталатындығын көрсетті. Ол үшін
метршток (шағын тереңдікті өлшеуге арналған сырық) арнайы су сезгіш пастамен
майланады, содан кейін онда сақталатын жанармайы бар резервуарға түсіріледі.
Егер бензинде су болса, онда бір метр паста жағылған жер қызылға айналады. Егер
жоқ болса, ол ақ болып қалады. Бензинде тауарасты суы болған жағдайда, барлық
жанармай бірден жаңасына ауыстырылады. Тексеру барысында АИ-92 маркалы
бензиндегі су анықталған жоқ.
ЖМҚС-дан кейін АИ-92 бензинінің
сынамалары зертханаға жеткізілді, тіркелді және олардың сапасын тексерді. Бензиннің
сапасы үшін негізгі көрсеткіш бойынша тексерілді.
Бірінші кезең-тығыздықты анықтау.
Тығыздық бензин маркасын және
оның көлемдік салмағын бағалауға мүмкіндік береді. Бензиннің тығыздығы бойынша
оның сапасын бағалауға болады. Талдау нәтижесі өнім паспортында көрсетілген
көрсеткішпен салыстырылады.
«Біз термостатта 15 С температура кезінде тығыздықты тексереміз. Цилиндрге жанармай құйып, термостатқа түсіріп,
оның температурасын қабылдағанша 10-15 минут ұстап тұрамыз. Содан кейін біз
ареометрді алып, оны сынақ үлгісіне батырамыз», - деп түсіндіреді аға
зертханашы Айзада Жарболова.
Екінші кезең
- фракциялық құрамын анықтау.
Бензиннің фракциялық құрамы – оның
булануының негізгі көрсеткіші, жанармай сапасының маңызды қасиеті болып
табылады. Фракциялардың құрамы моторды іске қосу қаншалықты оңай болатындығына,
ол жылынатын уақытқа, қабылдағыштыққа және басқа көрсеткіштерге әсер етеді.
«Біз қол әдістерін және автоматты
әдістерді қолданамыз. Автоматты әдіс кезінде оператор
минималды түрде қолданады. Жанармай сынағы цилиндрге құйылады және соңында аппарат
нәтиже береді. Қол әдісімен оператор булану
температурасы мен көлемін дербес тіркейді. Бензин мен дизель отынының тексеру
шарттары әртүрлі», - дейді зертханашы.
Үшінші кезең
– октан санын анықтау.
Қозғалтқыштың жұмыс істеуі
кезінде октан санының көмегімен бензиннің өздігінен тұтану тұрақтылығы
есептеледі. Октан саны неғұрлым жоғары болса, тұтану процесі соғұрлым тұрақты
болады.
Мотор инженері октан санын жеке
жабдықталған бөлмеде анықтайды.
Тексеру нәтижесінде АИ-92 маркалы
бензиннің октан саны 93,3-ті құрады.
Зертханада жүргізілген зерттеулер
QazaqOil ЖМҚС-дағы АИ-92 бензинінің сапасы МемСТ-ға сәйкес келетіндігін
көрсетті.